Нұр-Сұлтанда мереке қарсаңында екі оңалту орталығы ашылып, жеке тұрғын үйлерге табиғи газ тартылды

Нұр-Сұлтанда мереке қарсаңында екі оңалту орталығы ашылып, жеке тұрғын үйлерге табиғи газ тартылды
Елордада өткен жылы 1 мың шақырым магистралды газ құбыры жүргізілген болаты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда мереке қарсаңында ерекше балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды. Онда аутизм диагнозы бар жасөспірімдер ем қабылдайтын болады. Қос нысан ерекше күтімді қажет ететін балалардың 50 пайызына дейін қамтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Бұдан бөлек бас қаланың бірнеше жеке тұрғын үй кешендеріне табиғи газ тартылды. Мереке күнгі жағымды жаңалықтар туралы толығырақ Almaty.tv тілшісі Асылбек Тойбектің сюжетінде.

Елорда күніне орайластырылып ашылған оңалту орталығы күніне 200 балаға дейін қабылдауға қауқарлы. Онда БЦП, аутизм және басқа да аурулары бар ерекше күтімді қажет ететін балалардың денсаулығын сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Айта кетейік, қалада аутизм дертіне шалдыққан 5 жарым мың бала бар.

«Жақсы болды. Бұрын бізге түрлі емханалар мен орталықтарға баруға тура келетін еді. Бізге үнемі физиотерапия алып тұру керек. Қазір баланы оңалту үшін барлық қажетті қызметтерді осы орталықтан, яғни бір жерден алуға болады», – деді қала тұрғыны Эльнара Шарафутдинова.

Бұдан бөлек, қала күнінде бірқатар әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлер табиғи газға қосылды. Тұрғындар экологиялық ахуал жақсаратынына, қыстың күндері пеш жағу машақатынан құтылғанына қуанышты. Бұл жобаны бастап берген Елбасына алғыстары шексіз.

«Елорда күні қарсаңында ерекше қуанышты жағдайды атап өткен жөн.  Бізге көгілдір отын  келді. Пеш жағып көрген жандар ғана бізді түсінеді. Қыста аспанымыз түтіннен көрінбейтін. Енді бәрі өзгереді деп ойлаймыз. Көктал тұрғындары  негізінен қарт адамдар. Енді оларға әлдеқайда жеңіл болады, көмір сатып алудың қажеті болмайды», – деді қала тұрғыны Сәуле Жүнісова.

Елордада өткен жылы 1 мың шақырым магистралды газ құбыры жүргізілген болатын. Ал, биылғы жылыту маусымында газ желілері жеке сектордағы 8 мың үйге тартылады. Жалпы, қалада 2023 жылға дейін өндірістік сектор мен тұрғын үй алаптарын газдандыру 3 кезеңмен жүргізіледі деп жоспарланған.  

Асыобек Тойбек, «Алматы» арнасы

Новости партнеров