|
16.09.2024 | 21:19
109

Қызылордалық дихандар рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Биыл жерсіндірілген ресейлік каурис, лидер, альянс секілді кұріш сорттары егілген

Қызылордалық дихандар рекордтық көрсеткішке қол жеткізді Almaty.tv

Қызылордалық шаруалар жиын-терім науқанында күріштен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Биыл сынақтан өткен сорттардың салмағы басым, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Агросалада ұзақ жылдық тәжірибесі бар бұл кәсіпорын биыл 3000 гектар жерге егін еккен. Оның 50 пайызы – күріш. Былтыр аталған дақылдың әр гектарынан орташа есеппен 70 центнерден өнім алынса, бүгінде 85 центнерге жеткен. Диқандардың айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш. Биыл жерсіндірілген ресейлік каурис, лидер, альянс секілді кұріш сорттары егілген.  

 – 72 центнер өнім алғанбыз. Қазір 900 гектар жердің өнімін жинап алдық. Ресейден алынған каурис сортынан 92-93 ц өнім алдық, – деді агроном Ербол Ақбергенов

Ал Жалағаш ауданындағы бір шаруа қожалығы 1300 гектарға күріш ексе, алғашқы өнім гектарына 90 центнерден алған. Былтыр бұл көрсеткіш 80 центнерден аспаған.

– Қазір өімнің үштен бір бөлігін жинап алдық. Ауа райы ашық болса, қыркүйектің аяғына дейін науқанды аяқтасақ деп жоспарлап отырмыз, – деді бригадир Қалдашбай Нұрмаханов.

Дәл осы мезгілде егіс басындағы техникалар бір сәт те дамылдамайды. Барлығы еңбекші қауымның ала жаздай күтіп-баптаған дақылын жауынға ұрындырмай қамбаға құйып алудың қарекетіне кіріскен. Көңілі шат шаруалар «егін маусымында тіршілік нәрінен тарықпай, шығынсыз шықтық» дейді. Биыл аймақ диқандары 85 мың гектардың үстінде күріш екті. Соның шамамен 86 пайызының шығымы жақсы деп бағаланған.

– Облыс бойынша орта өнімділік бүгінгі күнге 50 ц болып тұр. Өткен жылмен салыстырғанда бір пайызға артып отыр. 85600 гектардың 28 мың гектары орылды, 20 мың гектары бастырылды, – деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.  

Агросала – аймақ экономикасын өрістететін негізгі бағыттың бірі. Биыл егін шаруашылығымен шұғылданатын диқандарды қолдауға 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жеңілдетілген дизель отыны уақытылы жеткізіліп, ел қамбасы еселеніп жатыр. Сыр өңірінде күрішке алғашқы орақ тамыздың соңында түскен. Жиын-терім науқаны қазанның алғашқы он күндігінде аяқталады деп күтіледі.

Асқар Сәрсенұлы,  «Алматы» телеарнасы, Қызылорда облысы

Оқи отырыңыз: Алақан мектеп: Түркістандағы оқу орындарының бірінде жаңа жоба енгізілді


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир