Дезинфекциялық жұмыстардың он төртінші кезеңі аяқталуға жақын.
Бүгін қаланың жауапты мамандары Алатау ауданындағы ауру ошақтары мен тұрғын үйлерге санитарлық тазалық жүргізді. Қала бойынша вирустың өршуі тұрақталғанымен дезинфекциялық жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.
Алатау ауданы бойынша 655 тұрғын үй бар. Арнайы бригада оларды үш күнде бір тазалап отырады. Бүгін солардың 244-іне дезинфекция жасалды. 14 кезеңнің екінші күнінде дезинфекторлар 8 мыңнан астам кіреберіс пен 1400-ден астам ауланы қамтыған.
Ол үшін 64 бригада жұмылдырылған. Ауру ошақтарындағы жұмыс кестесі басқа. Онда залаласыздандыру жұмыстары күнде жүргізіліп отырады. Осындай тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде ауру ошақтарының саны 38-ге дейін төмендеген.
«Қазіргі таңда 4 бригада жұмыс істеп жатыр. Қазір біз «Ақкент» ықшамауданындамыз. Бүгінгі күнге дейін 4 мыңға жуық сұйықтық жұмсалды», - деді Алатау ауданы бойынша дезинфекция тобының жетекшісі Ербол БАЙЖАНОВ.
14-кезеңде (2 күн) 8264 кіреберіс, 1426 аулаға дезинфекция жасалды. Бұл жұмыстарға 64 бригада мен 454 адам жұмылдырылды.
Ауру ошағы саналатын кіреберістердегі дезинфекция жұмыстарына 7 бригада 20 адам жұмылдырылды.
Аудандардағы ауру ошақтары:
Алатау - 7
Алмалы - 9
Әуэзов - 7
Бостандық - 9
Жетісу - 1
Медеу - 0
Наурызбай- 1
Түрксіб - 4
Барлығы: 38.