|
24.12.2019 | 21:33
1491

Сынып жетекшілеріне бөлек штат қарастырылуы мүмкін

Сенаттың кеңейтілген отырысында ұстаздар жүктемесін азайту мәселесі қаралды

Сынып жетекшілеріне бөлек штат қарастырылуы мүмкін

Ұстаздардың жұмысын оңтайландыру, жүктемесін азайту. Аталған мәселе бүгін Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәселен, ұстаздарға жүктелетін шаруаны азайту үшін оқушылардың тәрбиесімен айналысатын сынып жетекшілеріне бөлек штат қарастырылуы мүмкін. Аталған ұсыныс білім және ғылым министрлігі тарапынан сараланып, зерттелді.

«Кем дегенде 25 мың штат ашу керек екен. Оған жылына 100 миллиардтан көп қаражат керек. Кейбір мектептер оны пайдаланады деген ойдамыз. Типтік шттатар бойынша 77-қаулы бар. Оған өзгерістер енгіздік. Мысалы қазір енді 10 мыңнан, 8 мыңнан біраз ақша жиналады ғой. Соны бүкіл сынып жетекшілікті жинап, бір адамға беруге болады», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир