Алматыда туыстары төрт күннен бері 19 жастағы студент Нура Әл Накауаны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Instagram әлеуметтік желісінде @_volontery_almaty_lider.kz іздеу тобының паблигінің мәліметінше, бойжеткен 7 маусым күні жоғалып кеткен. Ол Орбита-4 ықшамауданындағы үйінен сағат 17:00-де шыққаннан, қайтіп оралмаған.
«Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері 19 жастағы Нура Әл Накауаның жоғалғаны туралы арыз Бостандық аудандық полиция басқармасына түскенін хабарлады. 8 маусымда құқық қорғау органдары өкілдерінің мәліметінше, ол ел аумағынан шығып кеткен. «Жоғалу дерегі бойынша азаматша Қырғызстанмен шекарадан өткені белгілі болды. Қыз кәмелетке толған. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында іздеу жұмыстары тоқтатылды», - дейді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Сурет: vk.com сайтынан
Анасының айтуынша, қызы БАӘ-ден келген күні жоғалып кеткен.«Нура егер сен біздің хабарламамызды көріп отырсаң, үйге оралшы, барлығы туралы сөйлесеміз, біз сен үшін уайымдап отырмыз», - дейді жоғалып кеткен қыздың анасы Гүлзада Тоғайбаева.
Туған-туысқандарының мәліметінше, қыздың телефоны өшірілген, бірақ ол әлеуметтік желілерде кейде онлайн болып отырады екен. Алайда ол хабарламаға жауап бермейді.