Алматының Наурызбай ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығына қарасты «Ана тілегі» қоғамдық қоры ашылды. Ұйым қиын жағдайға тап болған әйелдерге, көмекке мұқтаж көпбалалы аналарға материалдық және психологиялық қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, қорда тұрмысы төмен нәзік жандыларды жұмысқа орналастыру қарастырылған.
Айта кетейік, жергілікті «Бақытты отбасы» орталығы қиналғанға демеу болып, көмек сұрағанға қолдау білдіріп келеді. Онда заңгер, психолог маманы және қоғамдық қызметкерлер жұмыс істейді. Орталық жыл басынан бері 1600-ге жуық отбасыға қаржылай және заттай көмек көрсеткен.
«Наурызбай ауданында көпбалалы аналар көп. Көмектеседі. Былтыр карантин уақытында Әсем апайымыз көп демеуші тауып, азық-түлікпен, киім кешекпен қамтамасыз еткеннен кейін, «Ана тілегі» деген қор ашып отыр», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Еңлік Аманжолова.