ҰБТ өткізу барысында 66 ереже бұзушылық анықталған
27 мыңнан астам адам тамыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Шекті балды 53% талапкер жинады. Бес пән бойынша орташа балл – 55 балл. Ең жоғары балл – 136, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, тамыз ҰБТ-сына 98 ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкер қатысты.
ҰБТ өткізу барысында 66 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 30 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 36 адам шығарылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде білімін жалғастыруды жоспарлаған колледж түлектері әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады. Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Оқи отырыңыз: Алматы мектептері жаңа оқу жылына дайын: 356 мыңнан астам оқушы қабылданды