87 млн теңге ұрланған: СҚО-да жол жөндеу жұмыстарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аталған іске мердігер компания басшысы күдікті деп танылып, қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО-да автомобиль жолын орташа жөндеуге бөлінген 87 миллион теңге жымқырылған. Қазір қылмыстық кодекстің аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталған іске мердігер компания басшысы күдікті деп танылып, қамауға алынды. Облыс прокуратурасының мәліметінше, бұл дерек Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметіне жүргізілген тексеру барысында анықталған. Қазір іс прокуратураның жіті бақылауында.

«12 қазанда материалдар облыс прокуратурасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Сол күні сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігінде 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген. Тергеу облыс прокуратурасының бақылауында», – деді СҚО прокурорының көмекшісі Данияр Тумурзин.

Оқи отырыңыз: Ойын алаңындағы төбелес: жасөспірімді соққыға жыққан тұрғын қоғамдық жұмысқа жегілді