Дегелең вокзалының аумағы 85 шаршы метрден 300 шаршы метрге дейін ұлғайтылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал, оның ішінде Абай облысында 10 вокзалды жаңғырту жұмысы басталған болатын. Бүгін Курчатов қаласындағы Дегелең теміржол вокзалы толық жаңартылып, қайтадан салынып, салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Теміржол вокзалын реконструкциялау бағдарламасы аясында толық жөндеуден өткен Дегелең вокзалының аумағы 85 шаршы метрден 300 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Ішкі кеңістік толық жаңартылып, күту залдары мен жолаушыларға қызмет көрсету орындары заманауи талаптарға сай жабдықталды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін нысанның қолжетімді болуына ерекше көңіл бөлінді. Жалпы станцияда 190 адам еңбек етеді.
Станция арқылы «Өскемен-Астана», «Семей-Астана», «Алматы-Павлодар» және «Семей-Ақтау» бағыттарындағы жолаушылар пойыздары қатынайды. Дегелең вокзалының жаңаруы Курчатов қаласын кешенді дамыту жұмыстарымен сабақтасып отыр.
Оқи отырыңыз: Абай облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды