Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортынан өзі үшін мемлекет МӘМС арқылы қанша теңгені қайда бөліп жатқанын көре алады. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Мемлекет МӘМС-ті реформалап, кез келген азамат мемлекет пен ӘМСҚ-ның оның атынан төлейтін қызметтердің ақысын бақылай алады. Бұл шешімдердің бір бөлігі қазірдің өзінде жұмыс істей бастады: бүгінде пациент eGov Mobile-да QR-код арқылы медициналық ұйымға бару фактісін растай алады, болашақта бұл қызмет екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында іске қосылады. Келесі кезең пациенттің электрондық қаржылық паспорты жөнінде болмақ, онда ол үшін көрсетілген және төленген медициналық көмек туралы ақпарат қолжетімді болады», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Білім саласындағы бетбұрыс: жаңа оқу жылынан бастап мектептерде қандай курстар оқытылады