Абайға хат: Медеу ауданында ақын мұрасы заманауи форматта насихатталды

Үздік нәтиже көрсеткендер бағалы сыйлықтармен марапатталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар мен мінезбен озады». Абайдың он сегізінші қара сөзіндегі бұл тұжырым уақыт өтсе де мағынасын жойған жоқ. Ұлы ойшылдың туған күніне орай Алматының Медеу ауданындағы комьюнити-орталықта өткен рухани танымдық кеште ақын мұрасы заманауи форматта насихатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қатысушылар Абай әндерін жаңа өңдеуде жанды дауыста шырқап, «Абайға хат» байқауында хакімге арналған ой-толғамдарын ортаға салды. Ал «Абайды таны!» интерактивті викторинасында қатысушылар оның қара сөздері мен шығармашылығына қатысты сауалдарға жауап беріп, білімін сынады. Үздік нәтиже көрсеткендер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тағылым мен өнер тоғысқан кеш жастарға Абай әлемін жаңа қырынан танытып, рухани серпін берді.

«Бұл іс-шараның басты мақсаты – ұлт руханиятының негізін қалаған Абай Құнанбайұлының өмірін, шығармасын, мұрасын, «Толық Адам» ілімін өскелең ұрпаққа дәріптеу. Өзге ұлт өкілдерін Абай мұрасын оқуға және оны насихаттауға, өмірлік құндылық ретінде қолдануға негіз бар екенін ұсыну», – деді абайтанушы Майра Мәлік.

«Қара сөздерді қалайоқиды және оларды менерімен түсініп оқи ала ма? Қазылар алқасы осы тұрғысынан мән береміз», – деді қазылар алқасының мүшесі Бекнұр Қисықов.

 Оқи отырыңыз: Абайдың тұңғыш жинағы қалай жарық көрді: Алматыда «Алғашқы кітап» фильмі көпшілікке ұсынылды