Абайлаңыз, балалар: жаңа оқу жылы қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді

Almaty.tv
Almaty.tv

Іс-шараларға мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қатысып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа оқу жылы қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді. Осыған орай ел бойынша «Абайлаңыз, балалар!» акциясы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қауіпсіздікті арттыру үшін жолдарда бақылау күшейтіледі. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылып отыр. Іс-шараларға мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қатысып жатыр. Жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен таңбалар тексерілуде. Сондай-ақ мектеп автобустары мен балаларды тасымалдау кезіндегі ережелер пысықталып жатыр. 

«Оқу жылы қарсаңында мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің маңында бақылау күшейтіледі. Біздің басты міндетіміз – жолдардағы балалар қауіпсіздігі. Жүргізушілер жылдамдық режимі мен жол жүру ережелерін сақтау, ең бастысы, рөлде отырғанда қырағылық танытып, жолға балалардың кенеттен шығып қалуына дайын болу», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Карина.

Оқи отырыңыз: Ұстаздар мен тәлімгерлер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды