Қазақстанда әлеуметтік көмек кімдерге және қалай беріледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұл мақсатқа бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 25,8 мың отбасындағы  138,1 мың адамға 2,3 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

  •  табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  •  табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 ақпанына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 42,4 мың балаға 270,4 млн. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
  •  жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жүктемесі жоғары қиылыстардағы кейбір бағдаршамның жұмысы өзгереді

Новости партнеров