Аталған басым бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр
Ақмола облысы прокуратурасы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын орман қорының жер учаскелерін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ведомство мәліметінше, Ақкөл ауданының прокуратурасы орман пайдаланушыларының сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық іс-шаралар жүргізу үшін жалға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерін мақсатына сәйкес пайдаланбаған деректерін анықтаған.
«Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 2,2 млрд теңге болатын мемлекеттік орман қорының 10 жер учаскесі мемлекетке қайтарылып, оларды туристік бизнесті ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторларға беру мүмкіндігі жасалды», - делінген прокуратура хабарламасында.
Аталған басым бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Министр жезқазғандық екі жасар қыздың денсаулығына қатысты жаңа мәлімет айтты