Ақтауда жас жігіттің мәйіті табылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Полиция аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда 24 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Lada.kz жазуынша, оқиға 1 желтоқсанда таңертең қаланың 7А шағынауданына қарасты теңіз жағалауындағы кафелердің бірінде болған.

Алдын ала деректер бойынша, жас жігіт асылып тұрған күйде табылған. Оқиға орнынан қандай да бір хат табылмаған.

Марқұмның туыстары оның бұрын-соңды суицидке бейімділігіне қатысты ешқандай белгі байқамағанын айтқан.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі – өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе оған ықпал ету фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Астанада биіктен секірмек болған бойжеткен құтқарылды

Новости партнеров