Қостанай облысында жүргізуші бағанаға соғылып, көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұған дейін де көлік иесі масаң күйде ұсталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысының Лисаковск қаласында полиция қызметкерлерінен қашқан жүргізуші жол жиегіндегі бағанаға соғылып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Куәгерлердің айтуынша, көлікте екі адам болған. Жолаушы аман қалып, ауруханаға жеткізіліпті. Қазір оның жағдайы ауыр болып тұр. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жүргізушіні жол қозғалысы кезінде қауіпті іс-әрекет жасап, жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін және көлігінде мемлекеттік нөмірі болмағаны үшін тоқтатпақ болған. Дегенмен, ол талапқа бағынбапты.

Атап өтейік, бұған дейін де көлік иесі масаң күйде ұсталған.

«Жүргізуші айналма жолда қарсы бетке шығып, жарық бағанасына соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза тапты. Жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов. 

Оқи отырыңыз: Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді

Новости партнеров