Ақтөбеде ер адамды қорқытып, несие алуға мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды

Күдіктілер жәбірленушіден жалпы 700 мың теңгені тартып алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде бір топ адам ер азаматты қорқытып, жоқ қарызды мойындатпақ болған. Күдіктілер күш қолданып, жәбірленушіні несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Бұдан бөлек, оның банктегі жинақ ақшасын да иемденген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер жәбірленушіден жалпы 700 мың теңгені тартып алған. Алайда осыдан кейін де оны түрлі жолмен қорқытып, қоқан-лоқы көрсетуді жалғастырған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген жеті күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілген.

«Күдіктілердің барлығы ішкі істер органдарына жеткізілді. Аталған дерек бойынша бопсалау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Оқи отырыңыз: Телефон алаяқтарының айласы: павлодарлық зейнеткерлер жарақат алды