Маңғыстау облыстық көліктегі желілік полициясы қылмыстық іс қозғады
Ақтау әуежайында жарылғыш зат бар деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әуежай қызметкерлері мен полицияның мәліметінше, кішкентай баласымен отырған 27 жастағы келіншек қону кезінде дабыл көтерген. Жолаушының мұндай мәлімдемесінен кейін шамамен 200 адам шұғыл эвакуацияланып, әуе кемесі арнайы мамандармен тексерілген. Дегенмен мұқият тексеріс жүргізілгеннен кейін ешқандай жарылғыш зат табылмапты. Маңғыстау облыстық көліктегі желілік полициясы қылмыстық іс қозғады.
«22 тамызда, МО станциясындағы Желілік полиция бөлімімен ҚР ҚК 273- бабымен, яғни терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Әуе кемесінің салонын тексеру кезінде жарылғыш құрылғылар немесе тыйым салынған заттар табылған жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ПК 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды», – деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова.
Оқи отырыңыз: Алматыда ұстаздар мен оқушылар сенбілікке шықты