Ақтаудағы ұшақ апаты: Қырғызстан азаматтары тірі екені айтылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Олар Ақтау қаласындағы ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметі Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ішінде болған қырғызстандықтардың үшеуінің де аман қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Сағат 18:00-де Қазақстанда ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында үшінші азаматтың тірі екені анықталды. Ол - 1988 жылы дүниеге келген. D. есімді азамат", - делінген хабарламада.

Ақтау қаласындағы ауруханаға барлығы 3 қырғызстандық азамат жеткізілген. Олар:

  • 2004 жылы туған АРТ;
  • 1998 жылы туған О. Т. М.;
  • 1988 жылы туған Д.Э.Д.

Баку-Грозный бағытында ұшып шыққан «Эмбраер-190» ұшағында барлығы 67 азамат болған. Олардың 37-сі – Әзербайжан, 16-сы – Ресей, 6-ы – Қазақстан, 3-і Қырғызстан азаматы, 5-і – экипаж мүшесі. Қазіргі уақытта 32 адамның тірі екені анықталды. Түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Оқи отырыңыз: ТЖМ Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден видео жариялады

Новости партнеров