Шымкентте тыйым салынған сайттарды жарнамалаған жазбаларды таратушы ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Ол 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте тыйым салынған сайттарды жарнамалаған жазбаларды таратушы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шымкентте қала көшелеріне есірткі заттарын сататын интернет-дүкендердің жарнамасын жазып жүрген 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тергеу барысында ер адам қаржылай қиындықтарға тап болып, Telegram мессенджері арқылы күмәнді «қосымша табыс» туралы хабарландыруға келіскен.  

Белгісіз тапсырыс берушіден нұсқаулар алып, ол түнгі уақытта трафарет пен аэрозольді бояу арқылы тыйым салынған сілтемелерді жазған.

Сот үкімімен ол ҚК 299-1-бабының 2-бөлігімен есірткі құралдарын заңсыз жарнамалау қылмысы бойынша 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Есірткі жарнамасы – бұл жай жазба емес, қылмыс.

Дереккөз: Шымкент қаласы прокуратурасы

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Новости партнеров