Ақылды камера: әскердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект пайдаланбақ

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан әскерінде енді "ақылды" камералар орнатылады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Оның ақпарынша, бүгінгі таңда әскери бөлімдер толық бейнебақылау құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Алайда олардың ақпараттық жүйесі әлсіз көрінеді. "Ақылды" камера қызметіне жасанды интеллектінің элементтерін кірістірген. Мекемеге кірген, шыққан адамды көрсетіп қана қоймай, топ болып жинала қалса дыбыстық белгі беретін мүмкіндік қарастырылған.  Министрдің орынбасары бастама әскердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолға алынғандығын жеткізді.

"Цифрлы бейне талдау жасауға мүмкіндік береді. Он жыл бұрын қойылған камералар әлі жұмыс істеп жатыр. Сондықтан оларды да ауыстыратын уақыт келді", – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Оқи отырыңыз: Шақыру кубогі: қазақстандық гимнастар екі алтын жүлде алды

 

Новости партнеров