Олардың мақсаты – ақшаға немесе дербес деректерге қол жеткізу
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды алаяқтықтың жиілеп бара жатқаны туралы ескертеді, онда қаскүнемдер азаматтарға тұрғын үй, кредит алуға немесе мемлекеттік бағдарламалар бойынша қарыздарды есептен шығаруға уәде береді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жедел ресімдеу» немесе «кепілдендірілген мақұлдау» деген сылтаумен олар ақша аударуды сұрайды, содан кейін құрбандарды ақшасыз қалдырып, байланысқа шығуды тоқтатады.
Мұндай схемалар жиі жалған сайттармен, мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарландырулармен, «кеңес берушілердің» қоңырауларымен және дербес деректерді ұсыну өтініштерімен қатар жүреді. Кейбiр жағдайларда қаскүнемдер жоқ заңдарға немесе бағдарламаларға сiлтеме жасайды.
Олар қоңырау шала алады, мессенджерлерде жаза алады, әлеуметтік желілерде хабарландырулар жариялай алады немесе ресми порталдарға ұқсас жалған сайттар жасай алады. Олардың мақсаты – ақшаға немесе дербес деректерге қол жеткізу.
Өзіңізді қалай қорғауға болады:
Егер сізге «кезектен тыс» көмек ұсынылса, бұл – сақ болуға себеп. Сақ болыңыз және жақындарыңызға, әсіресе қарт адамдарға ескертіңіз. Күдікті ұсыныстар болған жағдайда, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
Оқи отырыңыз: Балалардың терезеден құлау дерегі көбейіп жатыр - Бас прокуратура