Alma Love 2026: Алматыда халықаралық фестиваль мәресіне жетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ALMA LOVE 2026 фестивалі өз мәресіне жетті. Он күн бойы жалғасқан фестиваль жастардың бастамасын қолдауға, олардың жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және қала өміріне белсенді қатысуын арттыруға бағытталған. Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған іс-шара «Шабыт» жазғы амфитеатрында үлкен гала-концертпен қорытындыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған фестиваль «Шабыт» жазғы амфитеатрында үлкен гала концерт аясында қорытындыланып жатыр.

Айта кетейік, іс-шаралар легі «Қала сенен басталады» ұранымен 2 тамызда басталған. Оның аясында экологиялық челлендж, зияткерлік ойындар, түрлі тақырыпқа бағытталған форумдар ұйымдастырылды. Сондай-ақ шығармашыл жастар үшін арнайы іс-шаралар және ұлттық ойындар фестивалі өтті.

«Қаланың жүрегінде  «Шабыт» алаңында 3 мыңға жуық жастың басын қосып, үлкен концерт ұйымдастырып отырмыз. Бұл – ALMA LOVE фестивальінің басты мақсаты. Алматы – жастар қаласы. Сол жастар қаласында жастардың энергиясын көтеру, мүмкіндіктерді ашу және алдыға деген үлкен серіктестік табу», – деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Әзиз Қажденбек.

 Ал бүгінгі гала концерт аясында жастарды марапаттау рәсімі өтеді. Олардың қатарында қоғамдық шаруаларға атсалысып, фестиваль аясында белсенділік танытқан азаматтар бар. Сондай-ақ мерекелік кеш барысында танымал өнерпаздар әннен шашу шашып, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен арнайы қойылым және өзге де іс-шаралар жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Алматыда самокат жүргізушілеріне қатысты ереже өзгереді: Тротуармен жүруге тыйым салынады