Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдайды

Олардың сөзінше, бұл – ел азаматтарының ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, әзірленген маңызды құжат

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдайды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Олардың сөзінше, бұл – ел азаматтарының ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, әзірленген маңызды құжат.

 «Талқыланып жатқан тақырып, көтеріліп отырған мәселе – елімізде қабылданып жатқан Ата заңымызға байланысты болып жатқаны белгілі. Көптеген ұсыныстар түсіп жатыр, халық арасында үлкен талқылаулар болып жатыр. Конституция жобасы – еліміздің барша азаматтарының бірлесе отырып, олардың ұсынысын қосуымен, қабылданып жатқан дүние. Мен оған сенем!» – деді қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидарбек Ділдәбек.

Қоғамдық кеңес мүшелері «бұл – халықтың өз ойын ашық айтып, болашаққа қатысты ұстанымын білдіруіне берілген мүмкіндік» деп атап өтті.

 «Еліміз үшін маңызды, болашағын, саяси бағытын анықтайтын құқықтық құжат болғандықтан талқылау керек. Конституциялық реформа бір аптаның немесе он күннің көлемінде емес,  жарты жылдан астам уақыт қоғамдық өкілдермен, халықпен бірге талқыланып келе жатыр», – деді қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Әкежан Кеңесов.

Оқи отырыңыз: Президенттің көтерген мәселелері – халықтың әлеуетін арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі

Новости партнеров