Электрлі самокаттар ресми көлік құралы ретінде танылды: қандай шектеулер қойылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 2025 жылы электрлі самокаттардың қатысуымен 386 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 400-ден аса адам түрлі деңгейде жарақат алыпты. Ал жол қозғалысы ережесін елемеген екі дөңгелекті көлік жүргізушілеріне қатысты 24 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылған. Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаһарда жаңа талаптар күшіне енді.

Енді электрлі самокаттар ресми түрде көлік құралы ретінде танылып отыр. Жаңа ережелерде тағы қандай шектеулер бар? Самокат жүргізушілеріне қандай талаптар қойылады? Осы және өзге де сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жауап береді.

– Салтанат ханым, қалада электрлі самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту үшін нақты қандай шаралар жүргізіліп жатыр?

«Жаңа заң жобасына сәйкес электрлі самокаттар көлік құралы болып танылды. Оны тізгіндеген азаматтар міндетті түрде 18 жасқа толуы тиіс. Оның жол жүру куәлігі болуы және міндетті түрде сақтандыру полюсы болуы керек. Самокаттарға жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Олар тек жолдың бойымен оң жақ бетімен жүреді және міндетті түрде сақтық шараларын танытуы тиіс. Сонымен қатар осы өзгертулерге сәйкес, кекшерингтік компанияларға, операторларға міндеттемелер жүктеледі. Бұл міндеттемелерге сәйкес самокаттар тұрағы міндетті түрде, бейнекамералармен жабдықталуы тиіс. Яғни қауіпсіздік шаралары барынша танытылуы тиіс».

– Ал Алматыда есірткі қылмысымен қалай күресіп жатырсыздар?

«Өткен жылы Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 600-ге жуық есірткі қылмысына төтеп берді. Оның көбісі есірткі саудасымен тығыз байланысты болды. Заңсыз айналымнан жарты тоннаға жуық есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде синтетикалық есірткі заттары да бар. Сонымен қатар бет белгі қоюшылар, нарко зертханаларды ұйымдастырушылар, басқа да тәсілмен есірткі таратушыларды ұстауға бағытталған іздестіру кешенді тергеу шаралары жалғасын табуда. 100-ге жуық есірткі бет белгі қоюшылар ұсталып, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Із кесу және оперативті арнайы жүргізілуде».

– Қала тұрғындарын интернет-алаяқтықтан қорғау шаралары жайында айтсаңыз.

«Сақтықта қорлық жоқ» деген мақал бекер айтылмаса керек. Азаматтар міндетті түрде интернет алаяқтықтың жаңа түрлері туралы хабардар болуы тиіс. Ол бойынша профилактикалық және түсіндірме жұмыстары белсенді түрде айтылуда. Егер осы тәсілдер тұрғысында білетін болса, олар ешқашан киберқылмыскерлердің құрбаны болмайды. Егер сіздерге құқық қорғау органының өкілімін, банк қызметкерімін деп хабар келсе, ешқашан жауап бермеңіз. Өзіңізге тиесілі мәліметтерді беруші болмаңыз. Телефон тұтқасын қойғаныңыз жөн».

Оқи отырыңыз: Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдайды

Новости партнеров