Алматы облысына қарасты екі ауылда жер сілкінісі болды

elements.envato.com
elements.envato.com

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысына қарасты екі елдімекенде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісін 2 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 минутта тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы  Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан.

"Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құрады: Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдары (таулы аймақтар)", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жеңіл көлік пойызға соғылып, 3 адам қаза тапты

Новости партнеров