Ақмола облысында жеңіл көлік пойызға соғылып, 3 адам қаза тапты

Коллаж Almaty.tv
Коллаж Almaty.tv

Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында теміржол өткелінде жеңіл көлік пойызға соғылып, соның салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі Степногорск-Заводской тасжолымен келе жатып, бір жолды теміржол өткелінде үш цистернасы бар локомотивке соғылған. Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен Степногорск қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары аясында жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Анара Нүкенова.

Оқи отырыңыз: Жол қысқарды: Қызылорда – Жезқазған күре жолының қанша шақырымы пайдалануға берілді

Новости партнеров