Референдумға дейін:
2
күн
20
сағат
20
минут

Алматы әуежайына Оман астанасынан ұшқан алғашқы рейс қонды

Сағат 7:40 және 9:40 шамасында Алматыға тағы екі ұшақ қонады деп жоспарланып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты шетелде қалып қойған қазақстандықтарды елге қайтару жалғасып жатыр. Бүгін Алматы халықаралық әуежайына Оман астанасынан тағы 3 әуе кемесі келіп қонады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы халықаралық әуежайында Таяу Шығыс елдерінен оралған қазақстандықтарды қарсы алу жалғасып жатыр. Алғашқы рейс келіп жетті. Қазір кедендік бақылаудан өтіп жатыр. Осылайша Масқат- Алматы арқылы 177 отандасымыз елге оралды. Оларды туыстары асыға күтіп тұр.

«Қызым мен немерем 28 ақпанда Дубайға демалуға кеткен. Бірақ соңғы жағдайға байланысты 2 да елге қайта алмады. Бір апта кідіріп, келе жатыр. Кішкене қобалжып тұрмын. Бірақ аман-есен келеді деп отырмын», – деді қала тұрғыны Зәмзәгүл Меңдібаева.

«Мен дос баламды күтіп тұрмын. Олар Дубайдағы жағдай болмай тұрып, қыдырып барған. Әйелі баласы бар. Кеше шығуы керек болған. Бүгін тағы кешігіп жатыр. Бәріміз қобалжып тұрмыз. Звандап қайта-қайта қал-жағдайын сұрап жатырмын», – деді  қала тұрғыны Дамирхан Ақанов.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8 585 қазақстандық елге қайтарылған. Бүгін сағат 7:40 және 9:40 шамасында Алматыға тағы екі ұшақ қонады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, алдағы уақытта да қалып қойған қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары жалғасатын болады.

Оқи отырыңыз: СІМ қазақстандықтарды 14 елге бармауға шақырды

 

 

 

 

Новости партнеров