Алматыда балалар құқығын қорғауға арналған қабылдау өтті
Қаланың әр ауданынан келген аналар толғандырған сұрақты жауапты орган өкілдеріне қойды
Алматыда балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша ашық есік күні өтті. Іс-шара «Әділет» партиясының Алматы қалалық филиалында «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында алғаш ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаланың әр ауданынан келген аналар толғандырған сұрақты жауапты орган өкілдеріне қойды. Өтініштер мен ұсыныстар әсіресе балалардың құқығын қорғау, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және отбасы тақырыптарын қамтыды. Қабылдауға партияның Әйелдер қанатының және мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
«Біздің партия және әйелдер қанаты үнемі балалардың, аналардың мәселелерін көтеріп отырамыз. Күні кеше ғана аутист балаларды оңалтуға қатысты өте өзекті тақырыпты қозғадық. Бүгін де келген аналар науқас сәбилердің еміне қатысты, балалар құқығына қатысты тақырыптарды айтып жатыр, шешу жолдарын қарастырамыз», – деді «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры Алтынай Көбеева.
Оқи отырыңыз: Шымкентте алименттік қарыз көлемі рекордтық көрсеткішке жетті