Алматыда БҰҰ бітімгерлеріне арналған халықаралық курс өтіп жатыр

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Іс-шара  бітімгердің кәсіби даярлық деңгейін арттырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында «БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер» атты бес күндік халықаралық курс өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Курсқа қатысушылар қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстар кезіндегі бейбіт тұрғындарды қорғау ерекшеліктерін, соның ішінде әйелдер, балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуде. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» жөніндегі 1325 қарарын іске асыруға, әйелдердің бітімгерлік қызметтегі рөліне ерекше назар аударылып отыр.

Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Уәлихан Байкенов халықаралық стандарттар мен практикалық тәжірибені ескере отырып бітімгерлерді даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

"Қазіргі заманғы бітімгерлік қызмет тек кәсіби даярлықты ғана емес, сонымен қатар миссия орындалып жатқан аймақтағы қоғамның ерекшеліктерін түсінуді талап етеді. Гендерлік аспект бейбіт тұрғындарды қорғауда, зорлық-зомбылықтың алдын алуда және жергілікті қауымдастықтармен қарым-қатынас жасауда маңызды рөл атқарады", – деді полковник Уәлихан Байкенов.

Оқыту ағылшын тілінде Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп, халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен жүргізіліп жатыр. Курсқа Қазақстан, Армения, Қытай, Франция, Жапония және Пәкістанның әскери қызметшілері мен бейінді ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Мұндай курстарды өткізу бітімгердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Жұлдыз Сүлейменова жас педагогтермен кездесті