Алматыда Қажымұқан және Назарбаев көшелерінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

elements.envato.com
elements.envato.com

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Назарбаев даңғылы мен Қажымұқан көшесінің бір бөлігіне жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

1-учаске: 

30 қазанда сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Қажымұқан көшесінің 22-үйінен Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Достық даңғылы мен С. Байжанов көшесі арқылы айналып өтуге болады.

2-учаске:

30 қазанда сағат 15.00-ден 23.00-ге дейін Назарбаев даңғылының Қажымұқан көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Қажымұқан, Меңдіқұлов және Достық даңғылдары арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS сервисінде жарияланған.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіздік күшейтілді: Алматыда 45 мың бейнекамера біріктірілген бейнемониторинг жүйесіне қосылды

Новости партнеров