Референдумға дейін:
16
күн
5
сағат
43
минут

Алматыда курьерге қойылатын талаптар күшейтіледі

Полиция департаментінде осы мәселеге қатысты кеңейтілген кеңес өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда курьерге қатысты резонанстық оқиғадан кейін жеткізу агрегаторларына қойылатын талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бүгін қалалық Полиция департаментінде осы мәселеге қатысты кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға жеткізу қызметтерін ұсынатын ірі компания өкілдері де арнайы шақыртылған. Курьерлердің қатысуымен болатын құқық бұзушылық қаламызда азаймай тұр. Өткен аптада Бостандық ауданында гүл жеткізушінің қыздың пәтеріне кіріп, оған қол жүгіртпек болғаны соның айқын дәлелі. Осындай келеңсіз жағдайлар қайталанбас үшін құзырлы орган өкілдері жеткізуші талаптарды қатаңдатпақ.

«Бірінші кезекте аккаунттарды үшінші тұлғаларға беріп қоймас үшін курьерлер биометриалық тексеруден бірнеше мәрте өту керек. Тауарды алған кезде сол курьер тексеруге ыңғайлы. Шетел азаматтарын жұмысқа тартуға тиым салу керек. Заң бойынша тиым салынған. Ал тәжірибеде шетел азаматтары өте көп жұмыс істеп жатыр. Содан кейін олардың алып жүретін дорбаларына нөмір немесе GPS орнату керек», – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: БҚО-да 16 жастағы қызды зорлаған шенеуікке қатысты қылмыстық іс қайта тергеледі

Новости партнеров