Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар орталығы ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Өнер кеңістігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанында орналасқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақтың айтыс өнерiнде жасындай жарқырап өткен Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар орталығы заманауи үлгіде қайта  жасақталып, ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өнер кеңістігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанында орналасқан. Онда республиканың кез келген өңірінен жаны ақындыққа жақын кез келген жас келіп, білімін шыңдайды.

Айта кетейік, от ауызды, орақ тілді айтулы айтыскер ақын - аталған білім ордасының түлегі.

«Оразалы Досбосыновтың атындағы орталық университетте 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Биыл Оразалы Досбосыновтың 50 жылдығына орай біз осы орталықты қайта жаңартып отырмыз», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы, ректоры Болат Тілеп.

«Тамырында қара өлең тулаған, 30 жасқа жетпей біздің айта алмаған сөзімізді айтып, ойға келмеген дүниені тапқырлықпен айтатын. Жүрсін ағамыз «Құлағына қай періште сыбырлайтынын білмеймін, ойға келмейтін теңеу тауып айтады» дейтін. Оразәлі – бір ғасырда бір туатын тұлға. «Құтты болсын!»  деп қуанып, бата беріп жатырмыз. Бұл орта керемет орта болды, осы жерден бүкіл Қазақстанның жастары келіп, тәлім-тәрбие алсын», – деді айтыскер ақын Даубай Мамытұлы.

Оқи отырыңыз: Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін мультфильм жарыққа шығады

Новости партнеров