Алматыда өрт қаупіне қарсы профилактикалық жұмыс күшейтілді

Наурыздың аяғыда мегаполисте 51 өрт тіркелді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өрт қаупі жоғары кезең 26 наурызда басталған. Наурыздың аяғыда мегаполисте 51 өрт тіркелді,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қауіптің алдын алып, көрсеткішті төмендету үшін мамандар профилактикалық жұмысты жылда осы уақытта күшейтеді. Биыл өрт қаупі жоғары кезең басталғалы 20 гектар аумақ құрғақ шөптен тазартылыпты. Одан бөлек, тілсіз жау тұтанған жағдайда, оның әрі қарай таралуына жол бермейтін жалпы ұзындығы 18 шақырым өртке қарсы жолақ жасалған.

Басқарма қызметкері ретінде біз құрғақ шөптің жануына да, жалпы кез келген өрт жағдайлары кезінде жедел әрекет етуге дайын екенімізді айтқым келеді. Оқиға орнына лезде барып, уақытымызды тиімді пайдалануға тырысамыз», деді ТЖД Түрксіб ауданы ТЖБ аға инженері Жәнібек Сәулет.

Сондай-ақ Алматыда өртті бейнебақылау арқылы ерте анықтайтын жүйе іске қосылған. Камералар Көк-төбе телемұнарасы мен Алатау ауданындағы индустриалды аймаққа орнатылыпты.

«Жіті жұмыс істеп, жұмыс атқарып, осы өрттің алдын алудың дұрыс кезең кезеңімен жүргізілуіне байланысты азайып отыр. Былтыр осы кзееңде аудан аумағында 36 құрғақ шөптің жануы тіркелген болса, қазіргі уақытта өрт қауіпті кезең басталғалы ауданымызда 14 жағдай тіркелді», деді ТЖД Түрксіб ауданы ТЖБ аға инженері Береке Саухан.

Мамандар өрттің тұтануына адами фактор да әсер ететінін айтты.  Мәселен, демалуға шыққан адамдар кез келген жерде қоқыс тастап, отты толық сөндірмей кетеді. Мұндай жағдайлар, әсіресе, жаз мезгілінде жиілейді.

Айта кетейінк, демалыстан кейін қалдықтарын бей-берекет тастап кететіндер үшін айыппұл қарастырылған.

Гүлмарал Изатқызы, Маржан Манапова, Ернат Болатбек

Оқи отырыңыз: Қазақстанда құрылыс сапасына мемлекеттік бақылау күшейеді

 

Новости партнеров