Олар бюджеттен 147 млн теңге бөліп, қара уылдырық сатып алмақ болған
Атырауда шенеуніктер бюджеттен 147 млн теңге бөліп, қара уылдырық сатып алмақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Табиғат қорғау прокуратурасы балық шаруашылығы саласында қаражаттың негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойды. Талдау жүргізу кезінде «Атырау бекіре балық өсіру зауытының» мемлекеттік сатып алу порталында хабарландыру жариялап, бекіре уылдырықтарын 147,4 млн теңгеге сатып алуды жоспарлағаны анықталған.
Ал «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» заңның 11-інші бабына сәйкес, мемлекеттік кәсіпорынның мұндай әрекетке баруына рұқсат жоқ. Алайда зауыт бұл талаптарға және өзінің негізгі міндеттеріне қайшы мемлекеттік сатып алуды негізсіз ұйымдастырған.
Оқи отырыңыз: Астанада тағы бір көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты