Референдумға дейін:
11
күн
17
сағат
21
минут

Алматыда Rolab Engineer’s Cup олимпиадасы өтті

Бас жүлде қоры ретінде 1 миллион теңге қарастырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жүлде қоры – 1 миллион теңге. Алматыда инженерлік ойлау мен ғылым, технология, инженерия және математика пәндерін біріктіретін инновациялық STEM моделін дамытуға арналған дәстүрлі Rolab Engineer’s Cup олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Биыл бесінші рет ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент секілді ірі қалалардың жетекші жекеменшік және жалпы білім беретін мектептерінен 300-ге жуық оқушы қатысты. Алты санат бойынша бақ сынаған қатысушылар тапсырмаларды орындап қана қоймай, инженерлік шешімдер ұсынып, өздері құрастырған роботтарын таныстырды.

«Жарыстың мақсаты – ең бастысы күрделі шешімдер қабылдай алатын, ойлай білетін, қорықпай проектілерін қорғай білетін балалар буынын тәрбиелеу. Қазіргі таңда робототехника, STEM саласы балаларға өздерінің керемет партфолио дайындауға, мемлекеттік деңгейдегі университеттерге партфолио жинауға үлкен мүмкіндік береді», – деді ұйымдастырушы Гүлнұр Елтайқызы.   

Ең жас қатысушылар үшін LEGO конструкторлары негізінде интерактивті макеттер жасауға арналған зерттеушілік-шығармашылық формат қарастырылған. Ал жоғары сынып оқушылары күрделі инженерлік және бағдарламалық жобаларын ұсынды. Білім бәйгесінде құнды сыйлықтар мен білім беру сертификаттары табысталып, бас жүлде қоры ретінде 1 миллион теңге қарастырылған.

«Сомалық жүлде алады. Ол тек барып кәмпит алуға емес, сол проектіні әрі қарай жалғастыру, дамыту, сол ақшаға өздерінің детальдарын алады. Өйткені ол механизмдер бір орында тұрмайды. Ол жылдан жылға өзгереді», – деді  жекеменшік мектептің директоры Гүлзат Маратқызы.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – болашақ инженерлер мен технология көшбасшыларын тәрбиелеу, оқушылардың сыни ойлауын және командада жұмыс істеу қабілетін дамыту. Сонымен қатар отандық STEM-білім беру саласының дамуына үлес қосып, ерте жастан кәсіби бағдар беруге мүмкіндік жасау.
Асылзат Сатыбалды, Олжас Омарбек, Ғани Қалуов

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров