Референдумға дейін:
11
күн
16
сағат
7
минут

Денесін бөлшектеп тастаған: Ақмола облысында ер адам отбасы мүшелерін қатыгездікпен өлтірген

Тергеу амалдары жалғасып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында ер адам өз отбасы мүшелерін аса қатыгездікпен өлтіріп, кейін олардың денелерін бөлшектеп тастаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға елордадан небәрі 30 шақырым қашықтықтағы Жібек Жолы ауылында болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір күдікті қолға түсіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.

Алдын ала деректерге сүйенсек, бұл қайғылы жағдайға ер адамның психикалық сырқаты себеп болуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – деді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: 14 жастағы мектеп оқушысы зорлаған: Ақтөбе облысында қылмыстық іс қозғалды

Новости партнеров