Алматыда Санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер күні атап өтілді

Елімізде 12 мыңнан астам санитарлық-эпидемиологиялық қызметкер еңбек етеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер күні алғаш рет аталып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты іс-шараға қала әкімінің орынбасары, сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Жиында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, үздік мамандар Үкімет басшысы мен Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, елімізде 12 мыңнан астам санитарлық-эпидемиологиялық қызметкер еңбек етеді.

«Биыл елімізде санитарлық-эпидемиологиялық мамандарының қызметі күні. Алғаш рет елімізде тойланып жатыр. Сондықтан бүгін біздің департамент және сегіз аудандық басқарма мамандарымен бірігіп, осындай тойлау іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Жалпы, штат бойынша бізде 285 маманымыз бар, соның 45-і бүгін марапатталатын болады», – деді қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында 295 млн теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылды

Новости партнеров