Жер учаскелері ұзақ уақыт бойы мақсатсыз пайдаланылған
Ұлытау облысының прокурорлары мемлекет меншігіне пайдаланылмаған жерлерді қайтарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңаарқа ауданында жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.
«Қадағалау актісі бойынша жол берілген заңбұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 295 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды», - делінген хабарламада.
2025 жылғы 8 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауы аясында жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді экономикалық айналымға тиімді енгізуге, оларды белсенді ауыл тұрғындарына және шағын әрі орта бизнес субъектілеріне басым түрде беруге бағытталған.
Оқи отырыңыз: Әділет министрлігі алаяқтардың кезекті әрекеті туралы ескертті