Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді

стоп кадр
стоп кадр

Өртті оқшаулау үшін барлық шара қолданылып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының өрт сөндірушілері Алатау ауданындағы Н. Данченко көшесінде орналасқан үш қабатты ғимараттардың біріндегі өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт өршіп кеткен.

Өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылған.

"Сөндіруге суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпандары берілді", - деп хабарлады ведомство.

Қатты түтін мен жоғары температура жұмысты күрделендірген.

Оқиға орнына барған кезде алғашқы бөлімшелер көлік кептелісіне тап болып, жол жүруді қиындатқан.

"Ғимараттан 4 газ баллоны, 2 оттегі баллоны, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станциясынан 3 автокөлік эвакуацияланды, - деді Төтенше жағдайлар министрлігі

Өртті оқшаулау үшін барлық шара қолданылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында өрт салдарынан үш адам қайтыс болды

Новости партнеров