Қарағандыда анасы мен баласы газда қалған тамақ салдарынан өліп кете жаздады

Depositphotos
Depositphotos

Пәтерден құтқарушылар ұйықтап қалған үй иесі мен оның 2022 жылы туған кішкентай ұлын эвакуациялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ТЖМ құтқарушылары түтін басқан пәтерден анасы мен баласын эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде тұрғындар күйік иісін сезіп, құтқарушыларды шақыртты.

"Шақыруға өрт сөндіру қызметінің кезекші есептобы келіп, 1-қабаттағы пәтерде газда қалған тағамның жануын анықтады. Ашық от болған жоқ, бірақ түтін қатты болды. Пәтерден құтқарушылар ұйықтап қалған үй иесі мен оның 2022 жылы туған кішкентай ұлын эвакуациялады. Қауіп жойылды. Зардап шеккендер жоқ", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді

 

Новости партнеров