Алматыда жарты миллионнан астам алкоголь өнімі жойылды

Заңсыз тауар иесіне 865 мың теңге айыппұл салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жарты миллионнан астам алкоголь өнімі жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал заңсыз тауар иесіне 865 мың теңге айыппұл салынды. Тонналаған сыраны тәркілеуге оның құжатты дұрыс және дер кезінде өткізбеуі себеп болған. Істі қараған Қонаев қаласының мамандандырылған соты алькоголь өнімдерін жою туралы шешім шығарған.

Ал Алматы қаласының Әділет департаменті заңды күшіне енген сот актісін орындау мақсатында сыра тиелген фураларды қала сыртындағы арнайы орынға жеткізді. Жалпы тәрікіленген алкоголь өнімдерінің саны 515 мың 512 бөтелке

«Бүгін таңда 40 мыңға жуық алкоголь өнімі жойылады. Келесі жұмыс күндері де дәл осындай көлемде күнделікті жойылады», – деді Алматы қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы Хәкім Мақұлов.

Оқи отырыңыз: Қыста қатып қалады: ШҚО-да тұрғындар үйіне су жинап қоюға мәжбүр