Алматыда жүзден астам ерекше балаға арнайы демалыс ұйымдастырылды
Жиын Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты
Алматыдағы жүзден астам ерекше балаға ерекше демалыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілішісі.
Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер мен олардың ата-аналары қала сыртындағы демалыс орнына барып, таза ауадағы көңілді мерекелік атмосфераға бөленді. Іс-шара мүгедектігі бар балалардың жаңа ортаға бейімделуіне, қоғамға белсенді араласуына жағдай жасауды көздейді
«Олар біріншіден орта табады, біріншіден. Балалар билеп, серігіп қалады. Өзіміз сияқты адамдарды көріп, дос табу да мүмкін», – деді ата-ана Әсем Жолдасбекова.
Жиын Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Демалыс орталығында балалар үшін арнайы ойын-сауық бағдарламасы мен түрлі белсенді ойындар әзірленді. Жауапты басқарма өкілдері мұндай іс-шараларды жиі ұйымдастыруға тырысатынын жеткізді
«Қалада 9 мыңнан аса ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасы тұрады. Бүгінде осы жеткіншектерге инклюзивті, барынша қолайлы жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Өйткені әр бала қоғамның толыққанды мүшесі болуға қажетті мүмкіндікті еш кедергісіз алуы тиіс. Осындай іс-шараларды мереке күндері өткізіп тұруға тырысамыз», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аманат Сұлтанғазиев.
Оқи отырыңыз: Тегін медицина және озық технология: Қазақстан кардиологиясы әлемдік деңгейге көтерілді