«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы референдумда дауыс берді

Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Дәулет Кәрібек референдумның әр азамат үшін маңызды екенін атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді. Ол осы оқиғаның әр азамат үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv партиияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі референдум – маңызды мәселе бойынша дауыс беру ғана емес, бұл қоғамның барлық тобы жұдырықтай жұмылатын жаңа саяси мәдениеттің көрінісі. Түпкі шешімді азаматтардың өзі қабылдауға тиіс. Бұл – Президенттің басты ұстанымы. Осы референдум – соның жарқын дәлелі. Біз демократиялық сананың нығайып келе жатқанын көріп отырмыз және әр отандасымыз ел болашағы алдындағы өз жауапкершілігін түсінеді. Дауыс беру – патриотизмнің үлгісі. Сондықтан әрқайсымыз белсенділік танытып, өз дауысымызды беріп, Қазақстанның жарқын болашағына өз үлесімізді қосуымыз керек», – деді ол.

Сондай-ақ ол бұл плебисцит «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Дәулет Кәрібек референдумға қатысу – әр адамның құқығы ғана емес, сонымен қатар еліміздегі демократиялық институттардың одан әрі дамуына ықпал ететін маңызды азаматтық міндет екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Мемлекетіміз үшін маңызды күн: Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді

Новости партнеров