Аптап ыстықта жұмыс кестесін кімдер қысқарта алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ал сіз аптап ыстықта жұмыс уақытын қысқартып, қосымша үзіліс жасауға болатынын білесіз бе? Мұндай мүмкіндік ҚР Еңбек кодексі мен Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық нормаларында нақты көрсетілген. Сонымен қатар, жұмыс беруші еңбек жағдайын жеңілдету үшін желдету жүйесімен немесе күннен қорғайтын жабдықтармен қамтамасыз етуге міндетті. Егер аталған талаптар орындалмаса, денсаулыққа зиян келтіретін жағдайда жұмыстан бас тартуға болады. Бұл үшін ешкімді қызметінен босатпайды. Мұндайда еңбекке қатысты заң не дейді? Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Мырзабек Аманбайұлы жауап береді.

– Мырзабек мырза, аптап ыстық кезінде жұмыс уақытын кім қысқарта алады?

«Аптап ыстық кезде жұмысшы өзінің денсаулығына және өміріне қауіп төніп жатса жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы, 2-тармағы 13-тармақшасын негізге алып жұмысты уақытша тоқтата тұруға міндетті. Бұл міндет жұмыс берушінікі. Әрине ол тек қана бір ғана сала емес, барлық жұмыс берушіге қатысты. Алайда жұмыстың көптеген түрі бар. Мысалы домна пештерінде, металдарды балқыту жұмыстары бар. Нан зауыттарында нанды пісіру пештері бар. Одан бөлек өрт сөндіруші мамандардың сол жанып жатқан объектіге кіретін жағдайда өрттің арасына кіреді. Ол кезде әрине 40 градус Цельсийден астам температурада болады. Ол жағдай сіз айтып жатқан сұраққа кірмейді. Бұл тек қана табиғи жағдайда жазғы уақыттарда күннің ысуына байланысты қолданылатын норма болып табылады.

– Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, аптап ыстық кезінде қызметкерлер қандай құқыққа ие? Жұмыс беруші мұндай жағдайда нендей міндеттерді орындауға тиіс?

«Әрине, әрбір жұмысшының егерде мысалы аула сыпырушы болсын, болмаса маусымдық жұмыстардағы, егістік жағдайында жұмысшылар болсын, аптап ыстық ол кісінің денсаулығына, өміріне қауіп төндірсе, аталған жұмысшы жұмыс берушіге ескертпей-ақ жұмысын уақытша тоқтатуына толық құқысы бар. Сондай-ақ жұмыс беруші аптап ыстықта ыстықты басу шараларын, объектілерді күннен қорғау болмаса желдеткіш сияқты құрылғыларды орнату арқылы температураны төмендетуге жағдай жасау – жұмыс берушінің негізгі міндеті».

– Мырзабек мырза, жоғарыда өзіңіз айтып өткен заң талаптары сақталмаса, қайда жүгінуге болады?

«Егер жұмысшының аптап ыстықта немесе өзге де еңбек құқығы бұзылып жатқан кезде жергілікті прокуратура органдарына, мемлекеттік еңбек инспекторына шағымдана алады. Одан бөлек халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік органдарына, мекемелеріне арық жза алады».

Оқи отырыңыз: Тіршілік нәрінен тарықтық: аптап ыстықта апталап су көрмеген ағайын әкімдік алдына жиналды

Новости партнеров