Астана – Бурабай бағытында тағы бір қосымша электр пойызы қатынайтын болды

30.07.2025 10:56

Электр пойызы әр сәрсенбіде қатынайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Туристер арасында танымал бағыттардың көлік қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-1 – Бурабай курорты» бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызын жолға шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Электр пойызы әр сәрсенбіде қатынайды.

Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабай станциясына жетеді. Кері бағытта пойыз 14:15-те жолға шығып, 17:00-де Астанаға оралады.

"Пойыз құрамында 4 вагон бар. Жолаушылар үшін 1, 2 және 3-сыныптағы қызмет көрсету түрлері қолжетімді. Вагондар кондиционерлермен, ауа тазарту жүйесімен, биоәжетханалармен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындармен, ыңғайлы орындықтармен, велосипед қоятын орындармен және Vputi.kz медиапорталына қолжетімді тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған", — делінген хабарламада.

Қала маңы бағытындағы жолаушылар пойызына билеттерді жөнелтуге 10 күн қалғанда сатып алуға болады. 

Оқи отырыңыз: Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жабылады