Астанада ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды

Қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растап отыр. Құқық қорғау органы дерегіне сүйенсек, ер адам 55 жаста, ал әйелі 53-те болған. Полиция адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Алған жарақаттары салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізілуде», – деді Полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Эльмира Шәуленова.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда алаяқтарға алданған тұрғынның ақшасы қалай қайтарылды