Көкшетауда алаяқтарға алданған тұрғынның ақшасы қалай қайтарылды
Ол курьерге 10 млн теңгесін ұстатып жіберген
Көкшетау тұрғыны алаяқтарға алданып, курьерге 10 млн теңгесін ұстатып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кейін жәбірленуші өзінің сан соғып қалғанын түсініп, дереу Полиция басқармасына интернет-алаяқтық туралы арыз түсірген. Әйел «күш құрылымдарының қызметкеріміз» деп таныстырғандар қомақты қаражат беруге көндіргенін айтты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның Астанада тұратыны анықталған.
Құзырлы органдар күдіктіні 4 сағатта іздеп, ұстаған көрінеді. Абырой болғанда курьер алынған барлық соманы аударып үлгермеген. Одан жәбірленушіге тиесілі қаражат табылып, тәркіленген.
Қазір қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Алматыда оқушыларға «Заң мен Тәртіп» қағидаты түсіндірілді