Астанада құрылыс алаңдарында тексеру күшейеді

Almaty.tv
Almaty.tv

Аталған жұмыс құрылыс саласындағы шамамен 20 мың субъектіні қамтиды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда құрылыс саласындағы өндірістік жарақаттың алдын алу шаралары күшейтіледі. Негізгі мақсат – жазатайым оқиғаларға жол бермеу және жұмысшылардың қауіпсіздігіне құрылыс компаниялары мен бас мердігерлердің жауапкершілігін арттыру, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елордада мемлекеттік еңбек инспекторлары құрылыс нысандарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауға алды.

Министрлік мәліметінше, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және Кәсіподақтар орталығымен бірлесіп құрылыс алаңдарында тұрақты түрде көшпелі мониторинг пен профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.

"Негізгі мақсат – жазатайым оқиғаларға жол бермеу, еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын дер кезінде анықтау және жұмысшылардың қауіпсіздігіне құрылыс компаниялары мен бас мердігерлердің жауапкершілігін арттыру. Өндірістік жарақат қаупі жоғары нысандар мен жұмыстарға ерекше назар аударылады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Астанадағы құрылыс компанияларына еңбек қауіпсіздігіне ішкі бақылауды күшейту жөнінде ұсынымдар жолдады.

Аталған жұмыс құрылыс саласындағы шамамен 20 мың субъектіні қамтиды.

Оқи отырыңыз: Беті ісіп, көгерген: Астанада тәрбиешінің үстінен іс қозғалды