Беті ісіп, көгерген: Астанада тәрбиешінің үстінен іс қозғалды
Ол 4 жастағы бүлдіршінді ұрды деген күдікке ілінді
Елордадағы жекеменшік балабақшалардың бірінен шу шықты. Онда тәрбиеші 4 жастағы бүлдіршінді ұрды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анасы қызының бетінің ісіп, көгергенін байқап, бірден №2 қалалық балалар ауруханасына барған. Дәрігерлер балақайдың беті мен маңдайынан соққы алғанын анықтапты. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Аталған факті бойынша Сарыарқа ауданының Полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, оның ішінде оған қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қылмыстық істің барлық мән жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деді Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы Аружан Бектасова.
Оқи отрыңыз: Павлодар облысында жалған шот-фактура жазумен айналысқан топ ұсталды